Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

В Минздраве обсуждены вопросы развития инфраструктуры системы здравоохранения и совершенствования оказания скорой медпомощи в республике
09.06.2017 г.

Денсаулық сақтау министрлігінде саланың инфрақұрылымын дамыту және республикадағы жедел медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалығымен селекторлық режимде «Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту бойынша бірыңғай перспективалық жоспарды жүзеге асыру» және «Қазақстан Республикасында  жедел медициналық көмек көрсетуді жетілдіру» тақырыптарына Министрліктің алқа жиыны өтті.

Іс-шараға Министрліктің басшылары, оның құрылымдық бөлімшелерінің, комитеттерінің, аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының, ведомстволардың аумақтық департаменттерінің, Алқа және Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Бірінші мәселе бойынша Инвестициялық саясат департаментінің директоры Аслан Кинаятов сөз алып, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында Денсаулық сақтау министрлігінде денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспары әзірленіп жатқандығын мәлім етті.

«Қазіргі уақытта республикамызда тұрғындарға 7914 денсаулық сақтау нысандары медициналық көмек көрсетеді, олардың 6764-і (85,5%) – мемлекеттік, 1150-і (14,5%) – жекеменшік. 842 ұйым стационарлық көмек көрсетеді, олардың 171-і (20,3%) – жекеменшік, 7072 ұйым амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді, олардың 979-ы (13,8%) – жекеменшік. Барлық қаржыландыру көздерін есепке алсақ, Қазақстанда аурухана төсектерімен қамтамасыз етілу ЭЫДҰ елдеріне қарағанда 6%-ға жоғары. Халықаралық үрдістер даму стратегиясы медициналық көмек көрсету сапасына әсер ететін кадрлық дамуына, материалдық-техникалық базаны дамытуға, жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік беретін ірі стационарлық нысандарды құру қажеттілігін көрсетеді», - деп атап өтті баяндамашы. 

«Жеке сектор тиімді бизнес процестерді қолдануға, ресурстарды оңтайлы пайдалануға және тиісінше, көрсетілген медициналық көмектен пайда табуға бағдарланған. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, денсаулық сақтау саласының  ағымдағы инвестициялық қажеттілігі 1 трлн. теңгені құрайды. Осыған байланысты, инфрақұрылымды тиімді пайдалану мақсатында МЖС механизмдерін қолдану қажет, оның ішінде жеке қаржыландыру бастамаларының элементтері қарастырылады», - деді Аслан Кинаятов.

«Денсаулық сақтау желісін одан әрі инвестициялық жоспарлау және дамыту денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және жұмылдыру мақсатындағы бірыңғай жоспар негізінде жүзеге асырылатын болады. Бұл: медициналық-санитариялық алғашқы көмекке қолжетімділікті арттыру; медициналық ұйымдардың менеджментін жақсарту; аурухана секторын аз салалыдан көп салалыға ауыстыру; денсаулық сақтау саласының  экономикалық тиімділігін және сапасын арттыру; инвестициялар тарту және жекеменшік сектор үлесін көбейту. Жалпы, жобаның мақсаты мен міндеті «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларымен үндеседі», - деп атап өтті Аслан Кинаятов.

Екінші мәселе бойынша сөз алған медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева: «Қазіргі уақытта жедел медициналық көмек инфрақұрылымы 24 жедел медициналық көмек станциясынан, 227 бөлімшеден, 2101 бірлік санитарлық көліктен, 33 әуе көлігінен (олардың 11-і тікұшақ, 22-сі ұшақ) тұрады. Қызметтегі дәрігерлердің жапы саны  - 2157,  орта медициналық қызметкерлер саны - 3101. Жедел медициналық көмек станциясы 2016 жылы - 7 835624,  ал 2017 жылдың 1 тоқсанында – 1 998166 шақыруға қызмет көрсетті», - деп мәлімдеді.

Ол жедел медициналық көмек қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету ережесі әзірленгенін хабарлады.  Жедел медициналық көмек көрсетуді реттейтін нормативтік-құқықтық базаға талдау жүргізілді, барлық нормативтік-құқықтық актілер жойылуға тиісті және өзгеріс енгізілуі қажет НҚА-ге қарай жүйеленген. Қолданыстағы 4 НҚА жойылды, 3 сілтемелік нормативтік құжатқа өзгерістер енгізілді. Шақыртудың жеделдік санаты қайта қаралды.

«Жедел медициналық көмек деңгейінде материалдық-техникалық жабдықтау, кадрлық қамтамасыз ету, санитарлық көлікпен жарақтандыру және инфрақұрылым нормативтері бойынша жаңа тәртіп енгізіледі. Жедел медициналық көмек қызметінің жаңа НҚА мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: тұрғындар үшін  – тұрғындардың жедел медициналық көмек көрсету сапасына көңілдері толуы, медициналық көмек көрсету сапасы және оның қолжетімділігі,  көрсетілетін медициналық көмекті күту уақытының қысқаруы; медициналық ұйымдар үшін – кадр ресурстарын тиімді пайдалану және емдеу-диагностикалау жабдықтарын оңтайлы қолдану;  мемлекет үшін – халықтың өлім көрсеткішінің азаюы, өмір сүру жасының ұзаруы», - деп қорытындылады өз сөзін Ажар Төлеғалиева. 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы