Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Standart version

You are here

Жаңалықтар

31.12.2019 г.

Денсаулық сақтау министрлігінде миастения кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру мәселесі талқыланды

30 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалығымен миастения кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша пациенттердің бастамашыл тобы өкілдерінің, Алматы, Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық бейінді орталықтардың жетекші мамандарының қатысуымен кеңес өтті. Кеңесте миастениясы бар пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері қаралды,сондай-ақ жиналғандар пациенттердің бастамашыл тобын тыңдалды. Кеңес қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов миастениясы бар пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру, өңіраралық үйлестіру орталықтарын ашу, нормативтік актілерге (стандарттарға, Жол картасына) өзгерістер енгізу, амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік заттардың тізбесін кеңейту, стационарлық деңгейде төлем тарифін қайта қарау бойынша тапсырмалар берді.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы