Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

В Минздраве обсудили вопросы дальнейшего сотрудничества Казахстана со Словакией в сфере здравоохранения
09.06.2017 г.

Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстанның Словакиямен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Словакияның Денсаулық сақтау министрі Томаш Друкердің кездесуі өтті.

Өз сөзінде Елжан Біртанов денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастық фармация және қазақстандық медицина кадрларының біліктілігін арттыру бағыттары бойынша асырылып жатқанын атап өтті.

Министр Қазақстанның фармацевтика нарығында елдегі дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың  Мемлекеттік тізіліміне Словакия Республикасында өндірілетін дәрі-дәрмектердің 15 түрі және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың 16 түрі  енгізілгенін және тіркелгенін, сондай-ақ Семей қаласындағы өңірлік онкологиялық диспансерінің қазақстандық мамандары (инженерлері) ядролық медицина саласы бойынша Братислава қаласында білім алғанын атап өтті.  

 «Бізді Словакияның міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін, оңалту емдеуін дамыту, медициналық туризм мәселелері бойынша тәжирибесі және т.б. қызықтырады», - деді Елжан Біртанов.

Өз кезегінде Словакияның денсаулық сақтау министрі Томаш Друкер мемлекеттік қаржыландыруға негізделген және міндетті медициналық сақтандыру, медициналық қызметтер және т.б. арқылы іске асырылатын өз еліндегі денсаулық сақтау жүйесі туралы қысқаша айтып өтті.

Тараптар денсаулық сақтау саласы бойынша медициналық білім беру, медициналық ұйымдарды сенімді басқаруға беру және т.б. ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Күннің екінші жартысында словакиялық делегация танысу мақсатында Ұлттық нейрохирургия орталығына барады.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы