"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

В Министерстве здравоохранения Республики Казахстан состоялся Круглый стол по вопросам получения медицинской помощи несовершеннолетними с 16 летнего возраста
30.11.2018 г.

Денсаулық сақтау министрлігінде 16 жастан бастап кәмелетке толмағандардың медициналық көмек алуын көздейтін нормаларын талқылау бойынша Дөңгелек үстел өтті

2018 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) жаңа редакциясы жобасының  16 жастан бастап кәмелетке толмағандардың медициналық көмек алуын көздейтін нормаларын талқылау бойынша Дөңгелек үстел өтті.

Талқылауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Білім және ғылым министрлігінің, репродуктивтік денсаулықты сақтау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың, медициналық қауымдастықтың, жастар қорының өкілдері, практикадан өтуші дәрігерлер, ата-аналар қатысты.

БҰҰ Хылықты қоныстандыру қоры әлемдегі және Қазақстандағы репродуктивті денсаулықты сақтау жөніндегі ақпаратқа, білім мен қызметтерге қолжетімдіктің қамтамасыз етілуі туралы ақпаратты ұсынды.

Дөңгелек үстел отырысында Парламент Мәжілісінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар сөз сөйледі. 

Заңның осы нормасын енгізу жасөспірімдердің медициналық қызметтерге, бірінші кезекте репродуктивтік және ментальдық денсаулықты сақтауға, суицидтерді азайтуға, қаламаған жүктіліктің және жыныстық жолмен берілетін инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алуға, өмірлік қиын жағдайларда қолдау көрсетуге қолжетімдігін кеңейтуге және құқықтарын іске асыруға бағытталған.      

Дөңгелек үстелде бастау алған осы норманы жұртшылықпен кеңінен талқылау түрлі диалогтік алаңдарда жалғасын табатын болады және заң жобасын келесі жылғы сәуір айында ҚР Үкіметіне енгізгенге дейін осы норманы енгізудің қажеттігі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.       


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы