Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Министерство здравоохранения РК готово к сотрудничеству в рамках ГЧП с поставщиками медоборудования
05.09.2019 г.

Денсаулық сақтау министрлігі МЖС аясында меджабдықтарды жеткізушілермен ынтымақтастыққа дайын

Қазақстанда Елбасының тапсырмасымен 2018 жылдың 29 маусымында Үкіметтің қаулысымен 2018-2022 жылға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар бекітілді (бұдан әрі – Кешенді жоспар). Жүргізілген  мониторинг нәтижесі  мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) жобалар бойынша жұмыстың бәсеңдігіне байланысты бірқатар өңірлерде онкологиялық жоспардың толық орындалмай отырғанын көрсетті.

Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ, онкологиялық медициналық мекемелерді жабдықтау үшін талап етілетін медициналық құрал-жабдықтарды жеткізуші ірі инвесторлардың қатысуымен дөңгелек үстел форматында селекторлық режимде кездесу өткізді. Жиынның негізгі мақсатының бірі - МЖӘ бойынша жеке капитал тарту.

Кеңес барысында онкологиялық көмекті  жетілдіру және  аурудың алдын алу, ерте диагностикалау бойынша Кешенді жоспарға қойылған міндеттерді шешу үшін қажетті жабдықтармен жабдықтау жоспарының алдын ала қорытындысы  талқыланды. Жиында медициналық жабдықтармен қамтудың маңыздылығына ерекше назар аударылды, себебі онкологиялық аурулар әлеуметтік маңызы бар санатқа жатады.

Елжан Біртанов Министрліктің МЖӘ жобаларына қатысты мәселелерді талқылау, сәтті жүзеге асқан жобалар бойынша қатысушылар арасында тәжірибе алмасу және оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыру  мақсатында диалог алаңында пікір алмасуға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, ведомство басшысы бір ай ішінде серіктестердің әрқайсысымен жеке кездесуге және осы мәселе бойынша әкімдіктермен өзара келіссөздер жүргізуге әзір  екенін де айтты.

Жалпы, Кешенді жоспарда орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуына жауапты деп көрсетілген.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы