Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Б.Сапарбаев: внедрение медицинского страхования требует системного взаимодействия всех госорганов
04.09.2019 г.

Б.Сапарбаев: медициналық сақтандыру дұрыс жұмыс істеу үшін мемлекеттік органдар жаппай жүйелі түрде бірігуі тиіс

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың төрағалығымен медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша кеңес өтті. 

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру мәселесіне жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Денсаулық сақтау жүйесін медициналық қызметті медициналық сақтандыру бойынша көрсетуге дайындау туралы баяндады.

Қазір дайындық жұмыстары бес негізгі бағыт бойынша жүргізілуде: құқықтық базаны қалыптастыру, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін жақсарту, қорға аударылған ақшаға мониторинг жүргізу және сақтандырылған адамдарды есептеу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, Қарағанды облысында медициналық сақтандырудың пилоттық жобасын енгізу.

1 қыркүйектен бастап енгізілген медициналық сақтандыруды тестілеу алдын ала мәселелерді анықтауға және МӘМС-ке толық көшу кезінде тәуекелдерді жоюға көмектеседі.

Елжан Біртанов өзге де  мемлекеттік органдармен бірлесіп шешуді талап ететін бірнеше мәселені атады.

"Медициналық сақтандыру табысты жұмыс істеу үшін халықты барынша көбірек тарту керек. Медициналық сақтандыру қоры сақтандырылған адамдардың санын  тұрақты түрде есептеп, мониторинг жүргізеді.  Бүгінгі таңда, біздің бағалауымыз бойынша, азаматтардың 94,6%  МӘМС жүйесімен қамтылған, ал халықтың шамамен 5,4%  немесе 1 млн.адам "сақтандырылмаған" ", - деді Денсаулық сақтау министрі.

Бейресми өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты өзектендіру мәселесі бойынша ведомство басшысы 2,7 млн адамның 687,7 мың адамның мәртебесі анықталмағанын атап өтті.

Сонымен қатар, министр еңбек және салық заңдарының орындалуын бақылауды күшейту қажет екенін еске салды.

Селекторлық режимдегі  кеңеске өңірлердегі  әкімдіктердің, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты, олар медициналық сақтандыруды енгізуге техникалық дайындық, 2020 жылдың қаңтарынан бастап медициналық көмек көрсетудегі өзгерістер жайлы халықты хабардар ету туралы баяндады.

"Медициналық сақтандыру әрбір тұрғынға әсер етеді, сондықтан мемлекеттік органдар сақтандыру медицинасына бірқалыпты көшу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Олар үйлесімді және  өзара жүйелі жұмыс істеуі тиіс. Ең басты мәселе - балалардан бастап ересектердің барлығын есепке алу қажет. Осы айда халық мәртебесін өзектендіру, МӘМС жүйесіне жеңілдік жасалған санаттар бойынша қатысушыларды реттеу жұмыстарын аяқтау керек", - деді Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар, әкімдіктерге 1 қазанға дейін медициналық ұйымдарды компьютермен жабдықтау және интернетпен қамту  жұмыстарын аяқтауды тапсырды.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы