Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Проект новой Госпрограммы развития здравоохранения на 2020-2025 годы был презентован в НПП «Атамекен» и одобрен
27.11.2019 г.

"Атамекен" ҰКП-да Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасы таныстырылды және мақұлданды

2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасында "Атамекен" ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның  жетекшілігімен кеңес өтті. Жиында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасын таныстырды.

Кеңеске Денсаулық сақтау жүйесіндегі жеке ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау саласының қоғам қайраткерлері, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері және видеобайланыс арқылы кәсіпкерлер палатасының  облыстардағы, Алматы мен Шымкент қаласындағы филиалдары қатысты.

Кеңес барысында денсаулық сақтау саласындағы  өзекті мәселелер талқыланды. Олар  жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында жүйелі түрде шешіледі. Мәселен, медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, фармацевтикалық нарықты және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді дамыту, денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемін арттыру.

Талқылауға "Еуразиялық медициналық қауымдастық" заңды тұлғалар бірлестігінің Вице-президенті Надежда Петухова, "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Қадыр Омаров, "Медикер" компаниясы тобының Басқарма төрағасы Айгүл Кимова қатысты.

Жалпы, денсаулық сақтаудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды. Құжат денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жаңа жолын көрсетеді  және адамдардың денсаулығын жақсартудағы тиімділігі жоғары деп бағаланды.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы