"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

28.02.2019 г.

Астанада Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесіндегі МЖӘ мәселелері бойынша семинар өтті

Бүгін Астанада денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) мәселелері бойынша бір күндік семинар өтті.

Семинарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен бірлесіп ұйымдастырды. Осы іс-шараға ҚР Экономика және Қаржы министрліктерінің өкілдері, өңір әкімдерінің орынбасарлары мен денсаулық сақтау басқармаларының, консалтингтік компаниялардың басшылары қатысты. Сондай-ақ Түркияның денсаулық сақтау жүйесіндегі МЖӘ дамуымен танысу мақсатында Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері шақырылды.

«Қазақстан Республикасының Президенті «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» іске асыру шеңберінде жеке медицинаны дамытуды, корпоративтік басқаруды енгізуді, мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыруды айқындады. Үкімет инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі және отандық әрі шетелдік инвесторлардың тарапынан белсенді қолдау көрсетілетініне сенімді. Осы тетіктің денсаулық сақтау жүйесінің объектілерін қалпына келтіруге, жаңғыртуға және мемлекет пен инвесторларға төзара иімді жағдайда жаңа объектілер құруға мүикіндік беретініне сенім білдіремін», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Ұйымдастырылған іс-шараның келіссөздер жүргізу және тәжірибемен алмасу алаңына айналатынын және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ тетігін одан әрі дамытуға жаңа серпін беретінін атап өту қажет.

Ынтымақтастықтың осы нысанын дамытудың Мемлекет басшысының «Қазақстан - 2050» стратегиясында, ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларда айқындаған бағыттарының бірі болып табылатынын атап өту қажет.

2018 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі өңірлермен бірлесіп әрбір өңірдің қажеттілігі мен басымдықтарына сәйкес желінің жаңартылған нормативін ескере отырып, жоспарлаудың жаңа жүйесін іске асыруда.

Өңірлердің әкімдіктері денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2025 жылға дейінгі перспективалық жоспарларында жалпы сомасы 1 трлн. теңгеге 201 МЖӘ жобасын (160 АЕҰ жобасы және 41 АҰ жобасы), оның ішінде ескірген 61 ауруханалық ұйымның орнына 17 ірі көпбейінді аурухана салуды жоспарлап отыр.

МЖӘ жобаларын іске асыру үшін маңызды басымдықтардың бірі ретінде денсаулық сақтау инфрақұрылымы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін бизнес-қоғамдастықтың пікірінің маңызы зор.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы