Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Специалисты Научного центра Педиатрии г. Алматы новорожденному успешно удалили гигантскую опухоль весом больше килограмма
10.04.2019 г.

Алматы қ. Педиатрия ғылыми орталығының мамандары жаңа туған сәбиден 1 келіден астам ісікті сәтті алып тастады

Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасады. Дәрігерлер шақалақтың денесіне туа біткен 1 келіден астам ісікті алып тастады.

Ісіктің көлемі аса үлкен, салмағы - 1028 гр. Сегізкөз-құйымшаққа біткен ісікті дәрігерлер бала анасының құрсағында жатқанда 19-шы аптада анықтаған. Ісік терідегі эрозиялық учаскелердің пайда болуын,  тік ішекті қысып, қатты қансырау қатерін туғызған.

Жоспарлы операция жасау үшін сәбиді перзентханадан бірден Педиатрия және балалар хирургиясы  ғылыми орталығына жеткізілді.

Хирургиялық операция бала дүниеге келген соң  үш тәуліктен кейін  жасалды. Өйткені салмағы  3818 грамм болып туған шақалақты алдын ала емге  дайындау керек болды. Ісікті алып тастау бойынша ота 3 сағатқа созылды және еш асқынусыз өтті.

Мамандардың айтуынша жаңа туылған балардағы ісіктерді оперативті алып тастау толық жазылуға кепілдік береді.

Жаңа туылған нәресте 3 - ші тәулікте жансақтау бөлімінен неонотология бөліміне анасының қасына ауыстырылып, ерекше күтім алуда.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мамандарының айтуынша бүгінде баланың жағдайы тұрақты.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы