Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Об эпидемиологической ситуации по менингококковой инфекции на 7 июня 2018 года (09:00)
07.06.2018 г.

2018 жылғы 7 маусымдағы (09:00) менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстан Республикасында 2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 59 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 21 жағдай. Оның 13-і өліммен аяқталған: Алматы қ. – 6 жағдай, Алматы облысында – 4 жағдай, Оңтүстік Қазақстан облысында - 2 жағдай және Қызылорда облысында – 1 жағдай.

Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында тұр.

Профилактикасы

Катаралдық белгілері (тамақ қызару, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) бар аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде қаланың инфекциялық аурулар стационарларының қабылдау бөлімдеріне немесе жақын жердегі емдеу мекемесіне жүгіну қажет.

Әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет.

Ұйымдастырылған ұжымдарда бөлмелерді жиі желдету, ылғалды тазалау жүргізу керек.

Созылмалы инфекциясы бар  ошақтарға санациялау жүргізген маңызды, балаларда бұл көбіне ЛОР-органдарына қатысты, сондықтан балалар оториноларингологына жиі бару және мүмкіндігінше профилактикалық түрде болуы керек.

Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды қолдану қажет.

Суықтау, ашығу, ұйқының қанбауы, стресс және т.б. болдырмау қажет.

Ауруды емдегеннен оның алдын алған әлдеқайда жеңіл екендігін әрқашан есте сақтау қажет!  

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы