Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Эльмира Шатыбаевна Баймагамбетова 1972 жылы 18 мамырда Ақтөбе қаласында туған.

1994 жылы  Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауылшаруашылық институтын бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Ақтөбе пединститутының экономика және менеджмент кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

1996-2001 жылдары Ақтөбе облысының әділет басқармасының жетекші маманы, бас маманы,

2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің кадрлар және құқықтық жұмыс басқармасының бас маманы (заңгер-консульты), заң бөлімінің бас маманы, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы,

2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ұйымдастыру және кадрлық жұмыс басқармасы қаржылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және есептілік басқармасының бас маман-заңгерконсульты, бас маман-бас қазынашысы,

2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы материалдық-техникалық қаматамасыз ету басқармасы бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы,

2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы,

2011-2013 жылдары «СК-Фармация» ЖШС Медициналық техникамен жарақтандыруды стратегиялық дамыту департаментінің медициналық техникамен жарақтандыру және сатып алу бөлімінің бастығы, басқарушы директоры,

2015 жылы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитеті хатшылығының 2 санаттағы сарапшысы,

2016 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаменті директорының орынбасары,

2018 жылғы 25 сәуірден бастап  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Персоналды басқару департаментінің директоры лауазымына тағайындалды. 

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы