"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

<--break->

Ішкі аудит департаменті директоры

Амандық Тұрсынұлы Молдашев

А.Т. Молдашев 1963 жылы 27 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. 1982 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумды, 1991 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтты, 2004 жылы Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетті аяқтады, 2016 жылы Сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссиясымен «Мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді, 2017 жылы The Chartered Institute of Public Finance and Accountancy (CIPFA) «Public Auditor» біліктілігі берілді.

Еңбек жолын 1982 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы бөлімінің аға инспектор лауазымынан бастады, аға экономист, аға ревизор-инспектор, мемлекеттік кірістер бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс атқарды.

1990 жылдан 2000 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының бөлім бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2000 жылдан бастап 2015 жылғы қаңтар айына дейін Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығы, Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің басқарма бастығы, Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында еңбек атқарды.

2015 жылдан 2017 жылға дейін Республикалық бюджеттін атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде Қаржыны басқарудың мемлекеттік аудит бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Экономикалық дамудың мемлекеттік аудит бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Бағалау және сапа бақылауы бөлімі бастығының орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарды.

2017 жылғы қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті директоры болып тағайындалды.

«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Ішкі аудит департаменті директорының орынбасары

Нұржан Доғдырқұлұлы Иманбердиев

Н.Д. Иманбердиев 1979 жылы 7 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келді. 2000 жылы «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын аяқтады, 2016 жылы Сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссиясымен «Мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді.

Еңбек жолын 2000 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы лауазымынан бастады, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы болып жұмыс істеді.

2005 жылдан 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау басқармасының бас сарапшысы, бас маман-бас ревизор болып мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында еңбек атқарды.

2012 жылдан 2017 жылға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Экономикалық дамудың мемлекеттік аудит бөлімінің әлеуметтік саладағы мемлекеттік аудит секторының бас-маман-мемлекеттік аудитор болып еңбек жолын жалғастырды.

2017 жылғы наурыз айынын бастап Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Ішкі аудит басқармасының бастығы лауазымында жұмыс атқарды.

2017 жылғы шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаментінің Ішкі аудит және ішкі бақылау жүйесін бағалау басқарма бастығы лауазымында еңбек атқарды.

2018 жылғы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы