Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Standart version

Каленова Дана Жамбылқызы

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Әкімшілік департаментінің директоры

Каленова Д.Ж. Қарағанды облысында туған. Қарағанды политехникалық  институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Нархоз), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат Ұлттық мектебінің магистратурасын,   Duke University (USA)  Center for International Development бітірген.

1986 жылдан 1990 жылы аралығында Алматы ауыр машина жасау заводының СПТУ-17 оқу орнында оқытушы, өндірістік оқытудың мастері, комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет істеді.

1990 - 1993 жылдары – Алматы қалалық білім беру басқармасының әдіскері, ҚР Білім министрлігінің «Казахпрофтехконтакт» ассоциациясының зертхана меңгерушісі.

1995 - 2001 жылдары – ҚР Еңбек министрлігі Кәсіптік техникалық комитетінің, Білім және ғылым министрлігі Орта және кәсіптік техникалық білім департаментінің, Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Білім комитетінің,  Білім және мәдениет министрлігі Орта және кәсіптік техникалық білім департаментінің бас маманы.

2001 - 2008 жылдары – Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі, Павлодар облысы әкімі аппаратының Ішкі саясат бөлімінің консультанты, бөлім меңгерушісі, Әлеуметтік – мәдени даму бөлімінің меңгерушісі, Павлодар облысы Білім департаменті директорының орынбасары.

2008 - 2014 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бас сарапшысы, бас консультанты, Білім, ғылым, мәдениет және спорт секторының меңгерушісі.

2014 - 2017 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің, Кәсіптік және техникалық білім беру департаментінің директоры, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Назарбаев зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары.

2018 жылғы қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры болып тағайындалған.

ҚР Президентінің алғысының (2003), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» юбилей медалінің, ҚР Премьер-Министрінің, Білім және ғылым министрінің, Павлодар облысы әкімінің құрметті грамотасы марапатының иегері.

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы