Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Standart version
  • Мобильді нұсқа

Ішкі аудит департаментінің директоры

Нұржан Доғдырқұлұлы Иманбердиев

Н.Д. Иманбердиев 1979 жылы 7 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келді. 2000 жылы «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын аяқтады, 2016 жылы Сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссиясымен «Мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді.

Еңбек жолын 2000 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы лауазымынан бастады, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы болып жұмыс істеді.

2005 жылдан 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау басқармасының бас сарапшысы, бас маман-бас ревизор болып мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында еңбек атқарды.

2012 жылдан 2017 жылға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Экономикалық дамудың мемлекеттік аудит бөлімінің әлеуметтік саладағы мемлекеттік аудит секторының бас-маман-мемлекеттік аудитор болып еңбек жолын жалғастырды.

2017 жылғы наурыз айынын бастап Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Ішкі аудит басқармасының бастығы лауазымында жұмыс атқарды.

2017 жылғы шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаментінің Ішкі аудит және ішкі бақылау жүйесін бағалау басқарма бастығы, 2018 жылғы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті бастығының орынбасары лауазымында еңбек атқарды.

2019 жылғы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті директорының лауазымына тағайындалды.

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы