Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Standart version
  • Мобильді нұсқа

Директор департамента науки и человеческих ресурсов

Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры

Қаптағаева Айгүл Қайратқызы Целиноград облысында 1968 жылы 5 қыркүйекте дүниеге келген.

1992 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Целиноград мемлекеттік медицина университетін бітірді.

1992 - 1994 жылдары клиникалық ординатурада білім алды.

1995 - 1998 жылдары «Қалыпты физиология» мамындығы бойынша аспирантурада оқыды.

1999 жылға дейін – Ақмола мемлекеттік медицина академиясының физиология кафедрасының оқытушысы.

1999 - 2010 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде (бұрын Комитет, агенттік) жетекші, бас маман, бөлім бастығы, медициналық білім және ғылым басқармасының басшысы, Медициналық ғылым және адами ресурстарды дамыту департаменті директорының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

2010 - 2011 жылдары – «Денсаулық сақтау дамыту институты» ШЖҚ РМК директоры;

2011-2013 жылдары – «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК атқарушы директоры, атқарушы директордың орынбасары, білім беру орталығының басшысы;

2013 - 2014 жылдары – ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтті, VCU, АҚШ.

2015 - 2016 жылдары – «Геронтология және қартаюға қарсы медицина» ҒЗИ директоры, ҚР Президенті Іс Басқармасы медициналық орталығы ғылыми-білім беру блогының басшысы.

2016 жылғы шілде айынан бастап ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры лауазымына тағайындалған.

Тель-Авив университеті және қоғамдық денсаулық сақтау Браун мектебі,  Хадасс орталығы,  Израиль;  Саясат және экономика Лондон мектебі, Ұлыбритания, Майами Университеті, Миллер мектебі, АҚШ және т.б. базаларында кәсіптік жағынан дамыған.

Медицина ғылымының докторы, PhD докторы.

ҚР тәуелсіздігінің 10-жылдығына және 25-жылдығына орай медальдармен марапатталған, Денсаулық сақтау үздігі.


Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары

А. С. Құсаиынова 1967 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары, медицина ғылымының кандидаты, «Қоғамдық денсаулық сақтау/ Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаттағы дәрігер.

Денсаулық сақтау жүйесінде 25 жылдан астам жұмыс істеп келеді.

Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын аяқтағаннан соң 1993 жылдан бастап 11 жыл бойы Қарағанды қаласының мемлекеттік  санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесінде жұмыс жасаған. 2004 жылғы қыркүйегінен 2011 жылдың тамызына дейін Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің медициналық білім беру басқармасында жетекші, бас маман, медициналық білім және ғылым басқармасының басшысы, республикада білім беру мен медицина ғылымының дамуын қадағалады. 2011 жылғы 26 тамыздан Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің оқу – әдістеме және тәрбие жұмысының проректоры лауазымына тағайындалды. 2012 жылғы қазаннан бастап «Қазақстанның медициналық білім және ғылым ассоциациясы» заңды тұлғалардың бірлестігінің бас директорының орынбасары. 2014 жылғы қаңтардан инновациялық технологиялар департаментінің басқарушысы, «Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК ғылыми хатшысы. 2016 жылғы 9 тамызынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарып жүр.

Жұмыс атқару барысында бірқатар «Медициналық білім беру негіздері», «Медициналық білім берудегі көсшбасшылық»,  «Денсаулық сақтау менеджменті» топтамасынан «Педагог» мамандығы бойынша сертификат, білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы сертификаттар, медициналық оқу орындарын аккредиттеу, қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау менеджменті, мемлекеттік басқару менеджменті біліктілікті арттыру курстарын тәмамдады. Медициналық білім беру ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі сарапшы болып табылады.

Адал еңбегі үшін алғыс хаттар мен грамоталары бар. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің алғыс хатымен белгіленді. 2007 жылы «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірінің Құрмет грамотасымен марапатталған.  2017 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталған. 

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы