Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарманың штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Министрліктің Жауапты хатшысымен  бекітіледі.

2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

4. Міндеті:

Министрліктің ақпараттық қауіпсіздігінің, ақпараттық жүйелер мен ресурстарын қорғаудың құрылымдық бөлімшелерде, территориялық органдарда және бағынысты ұйымдарда бірыңғай саясатын үйлестіреді және бақылайды.

Функциялары:

1)Министрліктің ақпараттық қауіпсіздік саясаты бойынша нормативті-техникалық құжаттамаларын қалыптастырады және оны қалыптастыруды ведомстволық бағынысты ұйымдар мен Министрліктің аумақтық бөлімшелерінде бақылайды;

2) ақпараттық қауіпсіздік техникалық құжаттама талаптарының орындалуын бақылауды;

3) ақпараттық қауіпсіздік құжатпен ресімделуін бақылауды;

4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде активтердің басқарылуын бақылауды;

5) бағдарламалық қамтамасыз етілудің заңды пайдаланылуын бақылауды;

6) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тәуекелдердің басқарылуын бақылауды;

7) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының тіркелуін бақылауды;

8) ішкі ақпараттық қауіпсіздік аудитін жүргізуді;

9) сыртқы ақпараттық қауіпсіздік аудитінің ұйымдастырылуын бақылауды;

10) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланатын бизнес-процестер үздіксіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды;

11) персоналды басқарған кезде ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды;

12) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі ақпараттық қауіпсіздік жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.

5. Құқығы және міндеттері:

5.1. Басқарма мыналарға:

1) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізуге;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомостволық бағынысты ұйымдарынан Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпаратты (есептерді, материалдарды) сұрауға және алуға;

3) комитеттердің аумақтық органдарында және Министрліктің ведомостволарымен ведомостволық бағынысты ұйымдарында Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексеру жүргізуге;

4) құрылымдық бөлімшелердің басшыларының келісімімен Министрліктің және бағынысты ұймдардың қызметкерлерін Басқармаға жүктелген функцияларға сәйкес өткізілетін іс-шараларға тартуға;

5) Басқарма міндеттерінің шеңберіне кіретін мәселелер жөнінде Министрлік басшылығының қарауына ұсыныстар енгізуге;

6) Басқарма құзыретіне қатысты мәселелерді Министрлік басшылығымен талқылауға қатысуға;

7) басшылықтың тапсырмасы бойынша, Басқарманың  құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында, қоғамдық және басқа да мекемелер мен ұйымдарда, соның ішінде шетелдерде Министрлікті ұсыну;

8) заңнамада белгіленген тәртіппен өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

5.2. Басқарма келесі міндеттерді атқарады:

1) Министрлікте ақпараттық қауіпсіздік саясаты талаптарының сақталуын бақылау;

2) ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша Министрліктің қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

3) Басқарма туралы ережені әзірлейді;

4) лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;

5) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық нормативтік актілерді әзірлейді;

6) өз құзыреті шеңберінде және заңнама шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволардан және мемлекеттік органдардан  ресми түрде сұрау салулар болғанда қажетті материалдар мен анықтамалар ұсынады.

7) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын,  Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша тиісті жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалық жұмыстардың жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді;

8) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Басқарма  құзыретіне жататын мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдар Министрлікке ұсынған құжаттарды қарайды;

9) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктер беру;

10) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жүргізуде консультативтік-кеңестік органдарда немесе басқа да тиісті көмек көрсету қажет болғанда Басқарма қызметкерлерін бөлу;

11) Мемлекеттік және басқа да заң қорғайтын құпия болып табылатын мәліметтердің қорғанысын құзырет шеңберінде қамтамасыз етеді;

12) Мемлекеттік меншікті сақтауды қамтамасыз ету.

13) Басқарманың қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметші этикасының нормаларын сақтауды қамтамасыз ету;

14) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары белгілі болғанда, ол туралы Министрліктің басшылығының назарына немесе құқықтық қорғау органдарына жеткізу;

15) Басқарманың құзыретіне кіретін өзгеде міндеттерді орындайды.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

7. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшысы басқарады. 

8. Басқарма басшысы Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және  басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

9. Басқарма басшысы Министрліктің басшылығына Басқарманың штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

10. Басшы осы мақсатта:

1) Басқарманы білікті кадрлармен қалыптастыруды және олардың кәсіби деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді;

2) Басқарманың қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президент актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

11. Басқарма басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

12. Басқарма қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіпте бекітілген олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен анықталады.

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы