Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Денсаулық сақтауды цифрландыру департаменті туралы ЕРЕЖЕ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

  1. Денсаулық сақтауды цифрландыру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 
  2. Өз қызметінде Департамент Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және басқа нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.  
  3. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіпте Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.   
  4. Департамент құрамындағы басқармалар:

1) ақпараттық технологиялар басқармасы;

2) ақпараттандыру саясаты басқармасы;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіру және автоматтандыру басқармасы.

 

  1. Департаменттің негізгі тапсырмалары, қызметтері, құқықтары және міндеттері
  1. Міндеті: Министрлікте денсаулық сақтау саласын цифрландыруды ұйымдастыру және басқару.

Функциялары:

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (бұдан әрі – АҚ) саласындағы бірыңғай талаптардың, сонымен қатар цифрландырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
  • «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік электрондық цифрлық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін құру және дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  • Министрліктің электрондық цифрлық ресурстарының толықтырылуын, олардың анықтығы мен жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  • Цифрландыру саласындағы сарапшылық кеңеспен келісу бойынша Министрліктің  АТ-архитектурасының бекітілуін, оның жаңартылып отырылуын қамтамасыз етілуін, сондай-ақ оны іске асырылуын ұйымдастыру;
  • денсаулық сақтау саласындағы «электрондық үкiметтi» дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  • мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру  қойылатын талаптарды сақтай отырып, көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  • «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру жүйелерін тіркеуді, ақпараттандыру  объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, денсаулық сақтау саласындағы  ақпараттандыру  объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру  объектілері туралы ақпараттың жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету және жұмыстарды үйлестіру;
  • мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамсыздандыруды, бастапқы бағдарламалық кодтарды (болған кезде) және лицензиялық БҚ баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету және жұмыстарды үйлестіру;
  • техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтау бойынша жұмыстарды сүйемелдеу;
  • ведомстволық интернет-ресурстарында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, Министрліктің ақпараттық жүйелерін құру мен дамыту жоспарлары және нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру;
  • цифрландыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  • ашық деректердің интернет-порталына денсаулық сақтау саласындағы ашық деректерді орналастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  • «электрондық үкіметтің» ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылым операторына мемлекеттік органдардан берілетін ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің бірыңғай анықтамалығына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторынан ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  • өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға Министрліктің қарауындағы цифрлық- ресурстарға және цифрлық-жүйелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • жеке және заңды тұлғаларға Министрліктің электрондық ақпараттық ресурстарына және ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • қызмет берушілерді шарттарда қарастырылған цифрландыру саласында көрсетілетін қызметтердің сапа деңгейін қамтамасыз етуін бақылау;
  • Министрлік, Министрліктің ведомстволық бағынышты ұйымдары, денсаулық сақтау ұйымдары және басқа жақтар арасындағы бейнеконференция байланыс режиміндегі отырыстарды техникалық сүйемелдеу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  1. Міндеті: телемедицинаның жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету:

Функциялары:

  1. іште, сонымен қатар шетелдік клиникалармен телемедициналық консультацияларды, телеконсилиумдарды, оқыту семинарларын, теледәрістерді өткізуді мониторингтеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  2. халықаралық стандарттармен үйлестірілген телеконсультациялық көмек көрсетудің техникалық регламенттерін әзірлеуге және енгізуге қатысу;
  3. телемедицинаны құру және дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  1. Міндеті: денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саясатын анықтау.

Функциялары:

  1. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте, техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелері бойынша техникалық регламенттер әзірлеу, денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелері бойынша техникалық регламенттегі өзгерістер мен (немесе) толықтырулар, стандартизация бойынша нормативтік құжаттардың өзектендірілуі және сәйкестендірілуі туралы ұсыныстарды әзірлеу және мемлекеттік органға енгізу;
  2. денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелері бойынша техникалық регламенттер және ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  3. денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелері бойынша техникалық регламенттердің, стандарттардың және басқа құжаттардың қорын жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  4. денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелері бойынша техникалық регламенттерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындау;
  5. денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелері бойынша стандарттарды және басқа құжаттарды әзірлеу бойынша жоспарларды дайындау және іске асыру және олардың халықаралық нормалары мен талаптарына үйлесімдігі;
  6. денсаулық сақтауды цифрландыруды стандарттау бойынша техникалық комитеттер құру бойынша ұсыныстар дайындау;
  7. үкіметтік емес стандартар базасында денсаулық сақтауды цифрландыру мәселесі бойынша ұлттық стандарттарды әзірлеуді бастамашылық ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  8. әртүрлі ақпараттық жүйелердің стандарттарын, технологиялық ерекшеліктерін және сипаттамаларын жүйенің талап ететін функционалы бөлігінде әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  9. денсаулық сақтау саласында АКТ нарығына алдағы уақыттағы қолжетімділік үшін әртүрлі бағдарламалық өнімдерді цифрлық денсаулық сақтау талаптарына сәйкестікке сертификаттауды өткізу әдістемесін әзірлеу және бекітуді ұйымдастыру;
  10. клиникалық ақпараттық жүйелерден талап етілетін медициналық ақпараттық жүйелердің халықаралық стандарттары негізінде бірыңғай стандартталған талаптарды әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  11. денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру.
  1. Міндет:

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.

Функциялары:

1)  Мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанын көздейтін мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру;

2) Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингілеуді уақтылы қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру;

6) Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволардың қызметін үйлестіру.

  1. Департамент құқығы:
  1. денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарға бастамашылық ету;
  2. Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерден, Министрліктің ведомстволарынан, ведомстволардың аумақтық органдарынан, ведомстволық бағынысты ұйымдардан өз міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты, анықтамаларды және басқа құжаттарды сұрату және алу;
  3. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомство,  ведомствоның аумақтық органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының келісімімен денсаулық сақтауды және әлеуметтік дамуды цифрландыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен басқа құжаттардың жобаларын дайындау үшін, сондай-ақ Департаментке жүктелген функцияларға сәйкес ол өткізетін іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін олардың қызметкерлерін тарту;
  1. Департамент міндеттері:
  1. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын, Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша тиісті жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалық жұмыстардың жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
  2. Өз құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеу;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына нормативтік құқықтық актілердің және басқа құжаттардың жобасы сәйкес болмаған жағдайда, олар  бойынша ескертулер жіберу;
  4. Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және олардың аумақтың органдардың қызметтерін үйлестірді жүзеге асырады;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа құқықтары мен міндеттері бар.

 

  1. Департамент қызметін ұйымдастыру
  1. Департаменттің оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің  актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қажетті өкілеттіктері бар.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіпте Министрліктің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Директор басқарады.
  3. Департамент директоры Департамент қызметін жалпы басқарады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындау үшін және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілік атқарады. 
  4. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылым мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстарды ұсынады.

Осы мақсаттарда директор:

  1. директор орынбасарының басқарма міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
  2. басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
  3. заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  4. Департамент директоры болмаған кезде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты Департаментке жүктелген міндеттерді орындау үшін және өз функцияларын жүзеге асыру үшін директор орынбасары немесе  жауапты басқарма басшыларының бірі жүзеге асырады;
  5. Департамент атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттар және Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің жауаптарына Департамент директоры, ол болмаған жағдайда – директор орынбасары қол қояды.

 

___________________________________________

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы