"Discussion of the new edition of Code "About health"

  • Special version
  • Mobile version

You are here

News

Минздравом РК исключены 62 формы первичной медицинской документации и 221 форма переведена в электронный формат
08.01.2019 г.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бастапқы медициналық құжаттаманың 62 нысаны алып тасталды және 221 нысан электрондық форматқа көшірілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылғы 1 қаңтардағы денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық жүргізуге көшу аясында бастапқы медициналық құжаттаманың 62 нысаны алып тасталды және 221 нысан электрондық форматқа көшірілді.

«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама  нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, қағаз нысанда жүргізу қажеттілігінің жоқтығына байланысты бастапқы медициналық құжаттамалардың 62 нысаны алып тасталды, сондай-ақ 12 нысанды  біріктіру (автоматтандыру) мақсатында өзгертілді, яғни 3 нысан бойынша біріктірілді, атап айтқанда: 5 хабарлама нысаны, 8 жолданған нысанды талдау және «Баланың даму тарихы» бір формада біріктіріледі.

Сонымен қатар, медициналық ұйымдарда медициналық ақпараттық жүйе болған кезде 221 нысан электрондық форматта сақталады.

Бүгінгі күні бұйрық ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18147 тіркелген, 2018 жылғы 29 желтоқсандағы ҚР ДСМ-48 нөмірі берілген.

Естеріңізге сала кетейік, осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардағы денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық жүргізуге көшу бөлігінде Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.

 

 


Mobile version RSS Site map