Digitalization of health care

"Discussion of the new edition of Code "About health"

  • Special version
  • Mobile version

You are here

News

Заболеваемость туберкулезом в РК снизилась в 2,4 раза за последние 10 лет
05.12.2018 г.

Қазақстанда соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық 2,4 есеге төмендеді

Бұл туралы бүгін Астанада «Көші-қон және туберкулез: туберкулезді трансшекаралық бақылау (ТБ) және Орталық Азиядағы туберкулезге қарсы көмек» атты жоғары деңгейдегі төртінші өңірлік кездесуде сөйлеген сөзінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева мәлімдеді.

Ләззат Ақтаеваның айтуынша, кездесудің негізгі мақсаты «Туберкулезді жою» ДДҰ стратегиясының шеңберінде Орта Азия өңіріндегі мигранттар арасында туберкулезді трансшекаралық бақылау бойынша жетістіктері мен алдағы жоспарларын талқылау. Осы кездесудің соңғы нәтижесі 2019 жылға еларалық келісімдерді талқылау және қол қоюға дайындау және Орталық Азия өңірі елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау жөніндегі Жол картасын/Іс-шаралар жоспары әзірлеу болып табылады.

Ол сондай-ақ, қазіргі заманғы жағдайда халықтың көші-қоны туберкулездің эпидемиологиясына әсер ететін және ауыртпалықты төмендеуге кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі болып табылатынын атап өтті. Шамамен есептеу бойынша ішкі және сыртқы көші-қон түрлі елдердегі туберкулездің барлық жаңа жағдайларының 5-тен 10% -на дейін құрайды. Туберкулезбен күрес жөніндегі кешенді жоспар мен Жаһандық қор жобасының шеңберінде 2015 жылы Орталық Азиядағы туберкулезді трансшекаралық бақылау жөніндегі жоғары деңгейдегі бірінші өңірлік кездесу өтті. Содан бері Туберкулезді трансшекаралық бақылау жөніндегі еларалық келісімдерді әзірлеу бойынша сектораралық өңірлік жұмыс тобы құрылды, сондай-ақ жоғары деңгейдегі үш кездесу ұйымдастырылды. Кездесулер барысында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасы екіжақты келісімдер жасасуға ниет білдірді.

«Қазақстанда төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырған жоғары деңгейдегі кездесулер дәстүрге айналды. Бұл Орталық Азияның үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің, халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың қатысуымен туберкулезді трансшекаралық бақылау бойынша өзекті мәселелерді талқылауға арналған тиімді платформа. Өңірдегі мемлекеттер арасында жүйелі ынтымақтастық жолға қойылды деп сеніммен айта аламын. Қазақстанның Қырғызстанмен және Тәжікстанмен жасасқан екіжақты келісімінің жобалары осының дәлелі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне осы жыл сайын іс-шараны ұйымдастырғаны және Туберкулезбен күрес жөніндегі кешенді жоспарды табысты жүзеге асырып отырғанына алғысымды білдіргім келеді», -деді Еуропа/Еуразия бойынша Project HOPE өңірлік директоры Мариам Сианозова.

Вице-министр өзінің сөзін қорытындылай келе Қазақстанда мемлекеттік органдардың келісім жобаларын қарауы барысында аталған елдердің денсаулық сақтау министрліктері арасында екіжақты ведомствоаралық шарттар жасасу туралы шешім қабылданды. Келісім жобалары тиісті мемлекеттік органдармен келісілді және дипломатиялық арналар арқылы тараптарға қол қою үшін жіберілді деп атап өтті. Бүгін отырыс барысында мазмұнды пікірталасты күтеміз. Біздің серіктестігіміз бен одан әрі өзара іс-қимылымыз туберкулезбен күресуде айтарлықтай табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенім білідіремін.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 5-6 желтоқсан аралығында Астанада «Көші-қон және туберкулез: туберкулезді трансшекаралық бақылау (ТБ) және Орталық Азия өңіріндегі туберкулезге қарсы көмек» атты жоғары деңгейдегі төртінші өңірлік кездесу өтіп жатыр. Еңбек көші-қоны арасындағы туберкулезді диагностикалау және емдеу механизмдерін үйлестіру мақсатында іс-шараға Орталық Азия елдері үкіметтерінің, ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламалардың және көші-қон қызметтерінің өкілдері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, СТОП ТБ серіктестігінің, халықаралық ұйымдардың, ұлттық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Анықтама: соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2,4 есеге (2008 жылы 125,5 – тен 2017 жылы 100 мың халыққа шаққанда 52,2-ге дейін), өлім-5,6 есеге (2008 жылы 16,9-дан 2017 жылы 3,0-ге дейін), балалардың сырқаттанушылығы 2 есеге (2008 жылы 26,0-ден 2017 жылы 13,3-ге дейін) төмендеді. Науқастардың белсенді контингенті 2008 жылғы 31779-дан 2017 жылы 16261-ге дейін 2 есеге төмендеді. 100 мың халыққа шаққанда 2030 жылға қарай ТБ-мен сырқаттанушылықтың күтілетін нәтижесі-45,0.


Mobile version RSS Site map