Infographics

Define Status

Digitalization of health care

"Discussion of the new edition of Code "About health"

  • Standart version
  • Mobile version

Ахметниязова Лаура Мұстафақызы - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры.

2017 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру Департаментін басқарады.

2014 жылдан бастап 2017 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары.

2013 – 2014 жылдары ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Төрайымы.

2011 – 2013 жылдары Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары.

2009 жылдан бастап 2010 жылға дейін – ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті басқармасының бастығы, Астана қаласы.

2008 жылғы қазаннан бастап 2009 жылғы сәуірге дейін – Астана қаласы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ  сапа бойынша менеджері.

2006 жылғы наурыздан бастап 2008 жылғы қазанға дейін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті бөлімінің бастығы, Астана қаласы.

2005 жылғы мамырдан бастап 2006 жылғы наурызға дейін Ақмола облысы бойынша медициналық қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді, Көкшетау қаласы.

2000-2005 жылдары ОҚО Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.

2000 жылғы наурыздан бастап желтоқсанға дейін – Шымкент қаласы «Денсаулық»  РМҚК бас маманы.

1997 жылғы тамыздан бастап 2000 жылғы наурызға дейін  Шымкент қаласы медициналық сақтандыру қорының бас маманы болып жұмыс істеді.

1995 жылғы қыркүйектен бастап 1997 жылғы тамызға дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының Клиникалық ординаторы, Шымкент қаласы.

1994 жылғы қаңтардан бастап 1995 жылғы қыркүйекке дейін  Шымкент қаласындағы «Фосфор» МСБ Терапевт. 

Infographics

Define Status

Digitalization of health care

"Discussion of the new edition of Code "About health"

Mobile version RSS Site map